2022-2023 оқу жылы Өзін өзі бағалау 9-11-сыныптардың қорытынды аттестаттау бойынша » «№49 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысының білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 2-73-60
Директор:
+7(72774) 2-73-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы Өзін өзі бағалау 9-11-сыныптардың қорытынды аттестаттау бойынша
20
май
2024

2022-2023 оқу жылы Өзін өзі бағалау 9-11-сыныптардың қорытынды аттестаттау бойынша

Қорытынды аттестаттау мақсаты: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау. Мұғалімдерді қорытынды аттесттаттау өткізудің жобасымен таныстыру. 11-сынып оқушыларының алдын-ала қорытынды аттесттаттауға дайындық тест нәтижелерін талдап көрсету.
2021-2022 оқу жылғы 9-11-сыныптардың қорытынды аттестаттау
9-11-сыныптардан қорытынды аттестациясы 28.05-10.06.2022 ж аралығында өткізілді.
11а сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 11б сынып жаратылыстану-математикалық бағытта оқиды. Емтиханға 11 сыныптан – 27 оқушы қатысты. Оның 1-еуі «Алтын белгі», 4-еуі үздік аттестат, 9-сыныпта 38 оқушы, оның 5- оқушысы үздік куәлік алды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2021-2022 оқу жылын аяқтау және жалпы білім беретін оқу орындарының қорытынды аттестаттауын өткізу туралы» 2022 жылғы 20сәуірдегі № 159 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы білім басқармасының 2022 жылғы 24 сәуірдегі №547-н бұйрығы, аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 25сәуірдегі №111–н бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, мектеп бұйрығы шығарылып, іс шаралар жоспары жасалып,бекітілді.
Жазбаша емтихан жұмыстарының титулды парақтары дұрыс жүргізілген. Жалпы емтиханға оқушылар толық қатысты, кешіккен және тәртіп бұзған оқушылар болған жоқ, емтихан талаптары толық сақталған.
Мектептің емтиханға дайындықтары, емтихан өтетін кабинеттердің жағдайы жақсы, жарық саулесі жақсы түседі.
2022-2023 оқу жылындағы 9- сыныптар бойынша жалпы оқушы саны – 51, 11 сынып бойынша-32 оқушы білім алып, өз білім сапаларының нәтижесін көрсетті. Мектепте 9,11 сыныптар аралығында қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Мектепішілік қорытынды аттестаттау бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Дайындық қосымша сабақ кестелері жасалып, бекітілді. Пән мұғалімдері негізгі міндетті пәндер мен таңдау пәндері бойынша дайындық жұмыстарын жасап, оқушылардан тапсырмалар мен тест жұмыстарын алып, меңгертті. 9-11-сыныптардан қорытынды аттестациясы 02.06-19.06.2023 жыл аралығында өткізілді. 11а сыныбы қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 11 б сыныбы жаратылыстану-математикалық бағытта оқыды. Емтиханға 11 сыныптардан – 32 оқушы қатысты. Оның «Алтын белгі» иегері -5, Үздік аттестатқа -5 оқушы үміткер болды. 9 сыныпта 51 оқушы, оның 5 оқушысы уздік куәлік алды. Қатыспаған оқушылар болған жоқ.
Жазбаша емтихан жұмыстарының титулды парақтары дұрыс жүргізілді. Жалпы емтиханға оқушылар толық қатысты, кешіккен және тәртіп бұзған оқушылар болған жоқ, емтихан талаптары толық сақталды.
Мектептің емтиханға дайындықтары, емтихан өтетін кабинеттердің жағдайы жақсы, жарық сәулесі жақсы түседі. Емтихан өткізу үщін 1-қабат кабинеттері дайындалды.
Мектеп директорының бұйрығымен емтихан комиссиясының құрамы бекітілді. Комиссия мүшелері өз міндеттерін толық біледі, емтихан бұрыштары, қосымша сабақ кестелері бар, құжаттары түгел, кезекшілік ұйымдастырылды.
Сынып жиналыстарының, ата-ана жиналыстарының, бірлестік отырыстарының хаттамалары жинақталды.
Мектепте оқушыларды қортынды аттестаттауға дайындықты ұйымдастыру үшін оқу жылының басында арнайы жоспар құрылып, істелетін іс –шаралар белгіленді. 11-сынып оқушыларын мен пән мұғалімдерінің қорытыныды аттестаттауға дайындық сапасын арттыру мақсатында іс-шараларының жоспары құрылып бекітілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережесі» бойынша қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілейді. 11-сыныптарындағы білім алушылардың пәндер бойынша қорытынды бағасы жылдық және емтихан бағаларын ескере отырып орташа арифметикалық баға негізінде қойылды.
11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) алгебра және анализ бастамаларынан пәнінен жазба емтихан;
2) қазақ тілі және әдебиетінен (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі мен әдебиетінен жазба емтихан;
5) таңдау бойынша таңдау пәнінен жазба емтихан.
Таңдау пәндері: физика, биология, дүние жүзі тарихы.
11 (12)-сыныпта эссе жазуға – 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына (жазбаша) – 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

2022-2023 оқу жылы
Негізгі мектепті бітіру емтиханының қорытындысы


Күні Пәні түрі Сыныбы Барлығы Барлығы Қатысқаны 5 4 3 Үлгерім Сапа
Үздік
1 02.06.
2023 қазақ тілі жазбаша 9а 25 3 25 12 11 2 100 92
1 02.06.
2023 қазақ тілі жазбаша 9б 26 2 26 5 13 8 100 69
2 06.06.
2023 алгебра жазбаша 9а 25 3 25 10 11 4 100 84
2 06.06.
2023 алгебра жазбаша 9б 26 2 26 6 11 9 100 65,3
3 09.06.
2023 орыс тілі жазбаша 9а 25 3 25 13 9 3 100 84
3 09.06.
2023 орыс тілі жазбаша 9б 26 2 26 9 9 8 100 69,2
4 13.06.
2023 Қазақстан тарихы жазбаша9а 16 0 1 16 6 9 1 100 93,7
4 13.06.
2023 Биология жазбаша 9аб 10 0 2 10 4 5 1 100 90
4 13.06.
2023 ағылшын тілі жазбаша 9б 3 0 0 3 3 0 0 100 100
4 13.06.
2023 география жазбаша 9б 22 0 2 22 7 9 6 100 72

Жалпы орта мектепті бітіру емтиханының қорытындысы


Күні Пәні түрі Сыныбы Барлығы барлығы Қатысқаны 5 4 3
Үлгерім Сапа
АБ Үздік
1 05.06.
2023 Қазақ тілі жазбаша 11а 14 0 2 14 8 5 1 100 92,8
1 05.06
.2024 Қазақ тілі жазбаша 11б 18 5 5 18 8 5 0 100 100
2 08.06
2023 Алгебра және анализ
бастамалары жазбаша 11а 14 0 2 14 3 10 1 100 92,8
2 08.06.
2023 Алгебра және анализ
бастамалары жазбаша 11б 18 5 5 18 11 7 0 100 100
3 12.06.
2023 Қазақстан тарихы
ауызша 11а 14 0 2 14 6 6 2 100 85,7
3 12.06.
2023 Қазақстан тарихы
ауызша 11б 18 5 5 18 9 9 0 100 100
4 15.06.
2023 Орыс тілі мен әдебиеті
жазбаша 11а 14 0 2 14 5 6 3 100 78,5
4 15.06.
2023 Орыс тілі мен әдебиеті
жазбаша 11б 18 5 5 18 11 7 0 100 100
5 19.06.
2023 география ауызша 11аб 4 1 0 4 1 1 2 100 50
5 19.06.
2023 биология ауызша 11а 8 1 2 8 3 5 100 100
5 19.06.
2023 дүние жүзі тарихы
ауызша 11аб 3 1 0 3 2 1 100 100
5 19.06.
2023 физика ауызша 11б 10 2 1 10 4 6 100 100
5 19.06.
2023 ағылшын ауызша 11а 4 0 2 4 4 100 100
5 19.06.
2023 қазақ әдебиеті ауызша 11а 3 0 0 3 1 2 100 100