20
май
2024
4.2 жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру:
2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында мерекелік күндеріне түскен сабақ тақырыптары мектепішілік бұйрыққа сəйкес Б.№125-Ө, 01.09.2021ж, Б.№152-Ө, 01.09.2022 ж және / Б.№107-Ө, 01.09.2023ж негізінде келесі жұмыс күнімен кіріктірілген. Оқу пəндерінің базалық мазмұны игерілген, үлгілік оқу бағдарламаларына сəйкес іске асырылған, жаратылыстану пəндері бойынша бағдарламаның практикалық бөлімдері орындалған. 2023-2024 оқу жылында «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша 5-8 сыныптарда, 9 сыныптарда оқушылардың оқу құқықтық жəне діни сауаттылықты қалыптастыруға «Зайырлық жəне дінтану негіздері» жəне 10-11 сыныптарда кəсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгеру мақсатында «Кəсіпкерлік жəне бизнес негіздері» курстары өткізілуде.